Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Қытай Ресейге «Орешник» үшін құрал-жабдықтар жеткізіп берді

МӘСКЕУ. 28 қаңтар. Қытай Ресейге «Орешник» зымыран жүйесі үшін 10 миллиард долларлық станоктар мен технологиялар жеткізді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

The Telegraph мәтбұғатының баяндауынша, Жөңге елі Ресейге Владимир Путин Батысқа қауіп төндіру үшін пайдаланып отырған «Орешник» гипердыбыстық баллистикалық зымыран жүйесін өндіруге арналған станоктар мен компоненттерді жеткізіп жатыр. Басылым Воткинск зауытында Қытайдың компьютерлік сандық басқару (CNC) станоктарын тапқан украин барлау мәліметтеріне сілтеме жасайды, олар «Орешник» зымыран жүйесінен басқа, «Искандер-М» зымырандары мен «Тополь-М» құрлықаралық баллистикалық зымырандарын құрастырады. Дәл осы жабдықтың арқасында Ресей дәл басқарылатын қару өндірісін арттыра алды.

The Telegraph келтірген Import Genius бағалауларына сәйкес, Бейжің соғыс басталғаннан бері Мәскеуге 10,3 миллиард долларлық әртүрлі қару жасауға арналған жабдықтар мен компоненттерді жеткізіп берген. Бұған 3,1 миллиард долларлық станоктар, 4,9 миллиард долларлық микрочиптер мен жад тақталары, сондай-ақ радарлар мен электронды соғыс (ЭҚ) жүйелерінде қолданылатын пьезоэлектрлік кристалдар және қаруға орнатуға болатын телескопиялық көздеуіштер кіреді. Қытай сонымен қатар Ресейге негізгі сынақ жабдықтарын – қару-жарақ пен микроэлектрониканың тиімділігі мен жұмыс істеу қабілетін тексеру үшін қолданылатын мультиметрлер мен осциллографтарды жіберді.

«Соңғы бірнеше жылда Ресей Қытайға әлдеқайда тәуелді болып қалды», дейді Ашық бастапқы код орталығының аға сарапшысы Гэри Сомервилл. Корольдік Біріккен Қызметтер Институтының ғылыми қызметкері Ник Рейнольдстың айтуынша, Қытайдан импорт Ресей үшін өте маңызды, себебі көптеген ресейлік зауыттардағы жабдықтар ескірген және ұшақтар мен басқа да әскери техниканы тез және сапалы өндіруге мүмкіндік бермейді. Ресей әскери күштері алғаш рет 2024 жылдың қарашасында Украинаға жасалған шабуылда «Орешник» зымыранын пайдаланды. Екінші шабуыл осы жылдың 9 қаңтарында Львов облысындағы нысанаға бағытталды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button