Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Кеше коронавирустан 76 адам қайтыс болды

АСТАНА. 7 шілде. Кеше түнге дейін Қазақстанда коронавирус кеселінен 76 адамның қайтыс болып, барлығы 264-ке жеткені мәлім етілді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.

Соның ішінде Қарағанды облысында – 24, Ақмола облысында – 9, Атырау облысында – 7, Батыс Қазақстан облысында – 7, Маңғыстау облысында – 5, Алматы қаласында – 4, Шымкент қаласында – 4, Солтүстік Қазақстан облысында – 4, Алматы облысында – 3, Астана қаласында – 2, Түркістан облысында – 2, Жамбыл облысында – 2, Павлодар облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Қызылорда облысында 1 адам бар.

Көз жұмғандардың ең үлкені 1927 жылғы болса, ең кішісі 1988 жылы туған.

Қазірге дейін құрбандыққа ұшырағандар мына аймақтардан шықты:

Астана қаласы – 63, Қарағанды облысы – 38, Алматы қаласы – 30, Ақмола облысы – 23, Шымкент қаласы – 19, Батыс Қазақстан облысы – 17, Павлодар облысы – 14, Атырау облысы – 13, Түркістан облысы – 11, Маңғыстау облысы – 8, Солтүстік Қазақстан облысы – 6, Шығыс Қазақстан облысы – 5, Ақтөбе облысы – 4, Алматы облысы – 4, Жамбыл облысы – 3, Қостанай облысы – 3, Қызылорда облысы – 3.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button