Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

98 миллион теңге кімнің қалтасында кетті?

ҚЫЗЫЛОРДА. 28 маусым. Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғалары 98 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Бұл туралы bairaq.kz хабарлады.

Осыған орай облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті.

Сала басшыларына 2019 жылы 98,2 миллион теңге сомасындағы бюджет қаражатын бірқатар жеке компаниялардан медициналық мақсаттағы бұйымдарды инфляцияланған бағамен сатып алу арқылы жымқырды деген күдік таңылып жатыр.

Енді осыған қатысты барлық мәселені тергеу анықтайды.

Түпкілікті шешімді сот шығарады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button