25 Тамыз, 07:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бектенов: МӘМС-тегі жемқорлыққа кінәлілер жауапқа тартылады

21 Қаңтар 2026 17:40
- Дәулет, Жаңалықтар
Бектенов: МӘМС-тегі жемқорлыққа кінәлілер жауапқа тартылады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 21 қаңтар. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын (МӘМС) талан-таражға салғандар түгел жауапқа тартылатынын атап өтті. Бұл туралы malim.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Премьер-министр бүгін өткен Үкімет отырысында Медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйесі 1 шілдеге дейін Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне интеграциялануы керек екенін айтты.

«Мемлекет басшысы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарамағына беру туралы Үкіметтің шешімін қолдады. Тиісті тексерулер басталып кетті. Кінәлі адамдар жауапқа тартылады. Медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйесі осы жылдың 1 шілдесіне дейін Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне интеграциялануға тиіс. Бұл қаражатты пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді», – деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеше Қызылордада өткен бесінші Ұлттық құрылтайда Үкіметке берген тапсырмалары тиісті деңгейде орындалуын тікелей өзі бақылайтынын ескертті.

«Әріптестер, Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары елімізді ауқымды жаңғыртудың бірыңғай ұзақмерзімді стратегиясымен үндесіп жатыр. Оларды жүзеге асыру барлық құрылымдардың нақты әрі үйлесімді жұмысына байланысты», – деді Премьер-министр.

Еске сала кетейік, Құрылтайда сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысын жан-жақты тексеру барысында көптеген заң бұзушылықтар мен қызмет бабын асыра пайдалану жайттары анықталғанын атап өтті. «Мемлекеттен қыруар қаржы жымқыру үшін көпе-көрнеу жалған деректер ұсынылған, өтірік мәліметтер енгізілген.

Бүкіл ел экономикамызды өркендетіп, инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмылдырып, денсаулық сақтау саласын дамытуға қаржысын жұмсап жатса, әлеуметтік салаға бөлінген орасан зор қаражат талан-таражға түсуде», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Таңбалар: жемқорлықМӘМСтапсырма

Ұқсас мақалалар

Алматының экс-әкімі элиталық жерлерді сатып, мемлекетке 80 млрд теңге зиян келтірген
Жаңалықтар

Алматының экс-әкімі элиталық жерлерді сатып, мемлекетке 80 млрд теңге зиян келтірген

25.06.2026
Мәскеу биржа нарығы Путиннің пәрмендерін орындаудан бас тартты
Дәулет

Мәскеу биржа нарығы Путиннің пәрмендерін орындаудан бас тартты

04.06.2026
Соңғы үш жылда медицина саласында жемқорлық саны күрт азайды
Жаңалықтар

Соңғы үш жылда медицина саласында жемқорлық саны күрт азайды

13.04.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist