Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Қостанай облысы әкімінің орынбасарының ұсталғаны расталды

АСТАНА. 13 ақпан. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай облысы әкімінің орынбасарының ұсталғаны жайлы қауесеттің рас екенін баяндады. Бұл туралы kaz.inform.kz аақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Комитет баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаны сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып кеткен.

Мұның алдында бұл ақпар бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған еді. Кейбір деректерде оның қамауға алынғаны айтылады. Ашық мәнбелерде облыс әкімі орынбасарының аты өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы резонансты қылмыстық іспен байланыстырылған.

Бұған дейін Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Данияр Жандаев, оның орынбасары Ерболат Доспанов және Қарасу аудандық ауруханасының бас дәрігері Владимир Голубев медициналық ұйымдар үшін жабдықтарды мемлекеттік сатып алу барысында сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысы бар деген күдікпен қамауға алынғаны мәлім болған. Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, Сот кабинеті порталына істің Қостанай қаласының тергеу сотына түскені туралы ақпарат жарияланды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысының прокуратурасы өңірдің денсаулық сақтау саласындағы бюджет қаражатын жымқыру көлемі 2 млрд теңгеден асқанын мәлімдеген. Тергеу нұсқасына сәйкес, медициналық ұйымдар қажет етілмейтін жабдықтарды негізсіз жоғары бағамен сатып алған.

 

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button