Коронавирус індетінің әзір ырық беретін түрі жоқ
АСТАНА. 28 маусым. Өткен түнде Қазақстанда 461 инфекция жұқтыру оқиғасы тіркеліп, кезекті антирекорд жасалды. Сөйтіп, сырқаттанғандардың осы кезге дейінгі жалпы саны 20 780-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.
Түнгі 23:59 сағатта есепке алынған 461 оқиға аймақтар арасында былайша бөлініске түсті:
Астана қаласы – 56, Қарағанды облысы – 48, Шығыс Қазақстан облысы – 47, Батыс Қазақстан облысы – 44, Павлодар облысы – 44, Алматы қаласы – 40, Ақтөбе облысы – 28, Түркістан облысы – 24, Ақмола облысы – 23, Атырау облысы – 22, Алматы облысы – 19, Солтүстік Қазақстан облысы – 19, Шымкент қаласы – 16, Жамбыл облысы – 10, Қызылорда облысы – 8, Қостанай облысы – 8, Маңғыстау облысы – 5.
Тәулікте Шығыс Қазақстан облысы Алматы және Жамбыл облыстарының, ал Павлодар облысы Жамбыл облысының алдына щықты.
Есепті кезеңдегі елдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай:
- Астана қаласы – 3716
- Алматы қаласы – 3662
- Қарағанды облысы – 2176
- Атырау облысы – 1606
- Шымкент қаласы – 1556
- Батыс Қазақстан облысы – 1389
- Түркістан облысы – 797
- Ақтөбе облысы – 777
- Шығыс Қазақстан облысы – 696
- Павлодар облысы – 674
- Алматы облысы – 681
- Жамбыл облысы – 670
- Қызылорда облысы – 634
- Маңғыстау облысы – 472
- Қостанай облысы – 459
- Ақмола облысы – 457
- Солтүстік Қазақстан облысы – 358.
Кеше түнде қайтыс болған адамдар саны 166-ға, сауыққандар саны 12 738-ге жетті.