Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Бүгін 328 адам вирустан жазылып, қатарға қосылды

АСТАНА. 26 маусым. Бүгін түнгі сағат 23:00-ге дейін 328 адамның індеттен сауығып шыққаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.

Осылайша сауыққандардың жалпы саны қазір 12 248-ге жетті.

Бүгінгі 328 дерек аймақтар бойынша былай бөлінеді:

Астана қаласы – 65, Қарағанды облысы – 55, Атырау облысы – 45, Қызылорда облысы – 38, Алматы облысы – 21, Шымкент қаласы – 20, Павлодар облысы – 16, Жамбыл облысы – 15, Ақтөбе облысы – 14, Маңғыстау облысы – 12, Түркістан облысы – 8, Батыс Қазақстан облысы – 5, Алматы қаласы – 2, Қостанай облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1.

Осы кезге дейін аймақтардан мұнша адам сауығып шықты:

  1. Астана қаласы – 2707
  2. Алматы қаласы – 2182
  3. Атырау облысы – 1282
  4. Қарағанды облысы – 1115
  5. Батыс Қазақстан облысы – 857
  6. Шымкент қаласы – 669
  7. Қызылорда облысы – 603
  8. Алматы облысы – 574
  9. Жамбыл облысы – 445
  10. Ақтөбе облысы – 438
  11. Маңғыстау облысы – 363
  12. Түркістан облысы – 332
  13. Павлодар облысы – 322
  14. Қостанай облысы – 215
  15. Ақмола облысы – 200
  16. Шығыс Қазақстан облысы – 185
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 59.
Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button