Бүгін кешке індеттен тағы 3 адам көз жұмды
АСТАНА. 26 маусым. Бүгін кешке 22:25 сағатта Астанада коронавирус кеселінен 3 адам қайтыс болып, ажал құшқандар мөлшері 150-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.
Қайтыс болғандар Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан шықты. Атап айтқанда, солтүстікте 1955 туған әйел мен 1969 жылғы ер кісі, шығыста 1959 жылғы ер кісі көз жұмды.
Осылайша күні бүгінге дейін қаза бермей тұрған жалғыз аймақ – Солтүстік Қазақстаннан да коронавирус құрбаны болған адамдар табылды.
Осы кезге дейін бақилық болғандар мына аймақтарда тіркелді:
Астана қаласы – 45, Алматы қаласы – 26, Шымкент қаласы – 13, Павлодар облысы – 13, Ақмола облысы – 13, Қарағанды облысы – 10, Түркістан облысы – 8, Батыс Қазақстан облысы – 6, Атырау облысы – 3, Қостанай облысы – 3, Маңғыстау облысы – 2, Қызылорда облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 2, Солтүстік Қазақстан облысы – 2, Ақтөбе облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.
Бұдан алдын бүгін коронавирустан Астана қаласында 7 адамның жантәсілім еткенін хабарлаған едік. Осымен бұл күні қайтыс болғандар қатары 10-ға жетті.