ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Індет: Тәулікте тағы бір антирекорд жасалды – 569 оқиға!

АСТАНА. 27 маусым. Өткен түнде Қазақстанда 569 инфекция жұқтыру оқиғасы тіркеліп, кезекті антирекорд жасалды. Сөйтіп, сырқаттанғандардың осы кезге дейінгі жалпы саны 20 319-ға жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.

Түнгі 23:59 сағатта есепке алынған 569 оқиға аймақтар арасында былайша бөлініске түсті:

Алматы қаласы – 73, Түркістан облысы – 59, Шымкент қаласы – 58, Қарағанды облысы – 48, Астана қаласы – 47, Батыс Қазақстан облысы – 40, Шығыс Қазақстан облысы – 40, Павлодар облысы – 37, Солтүстік Қазақстан облысы – 37, Ақтөбе облысы – 33, Қостанай облысы – 31, Ақмола облысы – 20, Алматы облысы – 17, Жамбыл облысы – 13, Қызылорда облысы – 11, Маңғыстау облысы – 5.

Тәулікте вирус жұқтырудан тек Атырау облысы ғана «аман» кетті.

Осы аралықта вирус жұқтырудың саны жөніндегі кестеге біраз өзгерістер енді. Ақтөбе облысы – Түркістан облысының, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары – Қызылорда облысының, ал Алматы облысы Жамбыл облысының алдына шығып кетті.

Есепті кезеңдегі елдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай: 

  1. Астана қаласы – 3660
  2. Алматы қаласы – 3622
  3. Қарағанды облысы – 2128
  4. Атырау облысы – 1584
  5. Шымкент қаласы – 1540
  6. Батыс Қазақстан облысы – 1345
  7. Түркістан облысы – 773
  8. Ақтөбе облысы – 749
  9. Алматы облысы – 662
  10. Жамбыл облысы – 660
  11. Шығыс Қазақстан облысы – 649
  12. Павлодар облысы – 630
  13. Қызылорда облысы – 626
  14. Маңғыстау облысы – 467
  15. Қостанай облысы – 451
  16. Ақмола облысы – 434
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 339.

Кеше түнде қайтыс болған адамдар саны 150-ге, сауыққандар саны 12 548-ге жетті.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button