Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам
Тоқаев коронавирус тарауына жол бермеуді тапсырды
АСТАНА. 26 маусым. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін тиісті басшыларға коронавирус инфекциясының бұдан әрі тарай беруінің алдын кесуді тапсырды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Мемлекет басшысы Үкіметке және Денсаулық министрлігінің басщылығына алдағы аптадан бастап коронавирус жағдайын қолға алуды міндеттеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Facebook-тегі парақшасына: «Үкіметке және Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшылығына келесі аптада коронавирус жағдайын тұрақтандыру, оның одан әрі таралуына жол бермеу, ауруханалар мен емханалардағы азаматтарға көрсетілетін қызметті жақсарту жөнінде қосымша шаралап әзірлеп ұсыну тапсырылды», – деп жазды.