Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
Бүгін Астанада коронавирустан 7 адам қайтыс болды
АСТАНА. 26 маусым. Бүгін Астанада коронавирус кеселінен 7 адам қайтыс болып, ажал тырнағына іліккендер саны 147-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.
Атап айтқанда, 1941, 1946, 1951, 1961 жылы туған ерлер мен 1958, 1971 туған әйелдер індеттен сауықпай, жантәсілім етті.
Осы кезге дейін бақилық болғандар мына аймақтарда тіркелді:
Астана қаласы – 45, Алматы қаласы – 26, Шымкент қаласы – 13, Павлодар облысы – 13, Ақмола облысы – 13, Қарағанды облысы – 10, Түркістан облысы – 8, Батыс Қазақстан облысы – 6, Атырау облысы – 3, Қостанай облысы – 3, Маңғыстау облысы – 2, Қызылорда облысы – 2, Жамбыл облысы – 1, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Ақтөбе облысы – 1.