АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Коронавирус: Бүгін Қызылордада 2 адам қайтыс болды

АСТАНА. 24 маусым. Коронавирус пандемиясы басталғалы бері Қызылорда облысында бірінші рет аталмыш індеттен кісі көз жұмды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.

Сыр бойында бірден екі адам жантәсілім етті. Олар 1956 жылы туған ер кісі және 1960 жылы туған әйел болып шықты. Осымен еліміз бойынша бақилық болғандар саны 136-ға жетті.

Осы кезге дейін бақилық болғандар мына аймақтарда тіркелді:

Астана қаласы – 38, Алматы қаласы – 23, Шымкент қаласы – 13, Павлодар облысы – 13, Ақмола облысы – 12, Қарағанды облысы – 10, Түркістан облысы – 8, Батыс Қазақстан облысы – 6, Атырау облысы – 3, Қостанай облысы – 3, Маңғыстау облысы – 2, Қызылорда облысы – 2, Жамбыл облысы – 1, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Ақтөбе облысы – 1.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button