Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Атақты Вагнер Лав «Қайрат» сапына қабылданды

АЛМАТЫ. 24 маусым. Бразилиялық әйгілі футболшы Вагнер Лавтың енді «Қайрат» құрамында мансабын жалғастыратыны белгілі болды. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлады.

36 жастағы Вагнер Лав Алматыда Мәскеудің ЦСКА-сымен келісімшарты жүзеге аспай қойғаннан кейін келді. Атап айтқанда, армияшылар клубы оған форвардтың трансферлік қарым-қатынасын реттегені үшін 200-300 мың еуро көлеміндегі комиссиялық ақшаны агентке төлеуден бас тартқаннан кейін екі жақ келісімге келе алмады. Міне, осы ақшаны енді «Қайрат» басшылығы төлейтін болып отыр.

Сонымен бірге, Алматы клубының Лавқа ЦСКА төлеуге келіскен айлық жалақы беруге келіскені белгілі болды. Ол 800 мың еуроның құрайды.

Футболшының өзі 23 маусым күні ендігі мансабын «Қайратта» жалғастыратынын мәлімдеген болатын.

Еске сала кетйік, Вагнер маусымның басында Бразилияның «Коринтианс» командасымен екі жақты келісім бойынша контарктісін тоқтатқаннан кейін басы бос агент атанды, яғни оның ешбір клуб алдында міндетемесі болған жоқ. Осыдан бастап шабуылшы өзіне түскен бірнеше тапсырысты қарап жүрді. Бұлардың арасында ЦСКА-ға қайта оралу варианты да бар еді. Бірақ әлгіндегідей жағдайдан кейін Лав мәскеулік клубпен келіссөзін бірден тоқтатты.

Әзірге «Қайрат» бразилиялық футболшының өзіне ауысып келгені жөнінде ресми мәлімдеме таратқан жоқ. Алайда, Вагнердің агенті Эвандер Феррейра футболшының командамен жарты жылға келісімшартқа отырып қойғанын хабарлады.

Лав 2004-2009 және 2013 жылдары ЦСКА сапында ойнап, 173 матчта 86 гол соқты. Ол ЦСКА сапында үш рет Ресейдің чемпионы болды, алты рет Ресей Кубогын және төрт суперкубокты жеңіп алды, сондай-ақ 2004/2005 жылдары УЕФА Кубогының иегері атанды.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button