Індет: Тағы бір антирекорд! Ал Астана Алматыдан озды
АСТАНА. 24 маусым. Өткен түнде Қазақстанда 534 вирус жұқтыру оқиғасы орын алып, тағы бір антирекорд, яғни кері рекорд жасалды. Бұған қоса, осы «дода» басталғалы Астана індет саны жөнінен бірінші рет Алматының алдына түсті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.
Сонымен, індет жұқтырғандардың жалпы саны 18 765-ке жетті.
Алдымен осы кезге дейінгі антирекордтық көрсеткіштерге шолу жасап өтейік:
күні | 21.05 | 07.05 | 17.05 | 19.05 | 22.05 | 24.05 | 26.05 | 30.05 | 31.05 | 22.06 |
саны | 214 | 225 | 307 | 311 | 363 | 403 | 438 | 450 | 476 | 507 |
Енді түнгі 23:59 сағатта есепке алынған 534 антирекордтық оқиғаның аймақтар бойынша қалай бөлінгенімен таныс болыңыздар:
Астана қаласы – 77, Атырау облысы – 65, Шымкент қаласы – 47, Шығыс Қазақстан облысы – 47, Қарағанды облысы – 43, Алматы қаласы – 41, Батыс Қазақстан облысы – 35, Түркістан облысы – 34, Солтүстік Қазақстан – 25, Алматы облысы – 23, Ақмола облысы – 19, Ақтөбе облысы –18, Павлодар облысы – 14, Маңғыстау облысы – 13, Қызылорда облысы – 12, Қостанай облысы – 11, Жамбыл облысы – 10.
Тәулікте вирус жұқтырудан «аман» кеткен облыс болған жоқ.
Есепті кезеңдегі елдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай:
- Астана қаласы – 3484
- Алматы қаласы – 3470
- Қарағанды облысы – 1993
- Атырау облысы – 1540
- Шымкент қаласы – 1404
- Батыс Қазақстан облысы – 1221
- Ақтөбе облысы – 671
- Түркістан облысы – 653
- Жамбыл облысы – 626
- Алматы облысы – 620
- Қызылорда облысы – 584
- Павлодар облысы – 535
- Шығыс Қазақстан облысы – 507
- Маңғыстау облысы – 449
- Қостанай облысы – 369
- Ақмола облысы – 368
- Солтүстік Қазақстан облысы – 271.