Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Өткен тәулікте коронавирустан тағы 7 адам көз жұмды

АСТАНА. 24 маусым. Кеше кешке дейін Қазақстанда коронавирус кеселінен тағы 7 адам қайтыс болып, құрбандыққа ұшырағандар саны 134 болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.

Қайтыс болғандар Ақмола облысы мен Алматы қаласында тіркелді. Атап айтқанда, Ақмола облысында 1931 және 1953 жылы туған ер кісілер, 1952 және 1963 жылы туған әйелдер, Алматы қаласында 1928, 1936 және 1951 жылы туған әйелдер жантәсілім етті.

Осы кезге дейін бақилық болғандар мына аймақтарда тіркелді:

Астана қаласы – 38, Алматы қаласы – 23, Шымкент қаласы – 13, Павлодар облысы – 13, Ақмола облысы – 12, Қарағанды облысы – 10, Түркістан облысы – 8, Батыс Қазақстан облысы – 6, Атырау облысы – 3, Қостанай облысы – 3, Маңғыстау облысы – 2, Жамбыл облысы – 1, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Ақтөбе облысы – 1.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button