Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Коронавирустың тағы бір ілкі симптомы айғақталды

Канадалық оқымыстылар көздің шырышты қабатының қабынуы коронавирустық инфекцияның алғашқы белгілерінің бірі болуы мүмкін екенін пайымдап отыр.

Конъюнктивит – көз бен қабақтың артқы жағын жабатын жұқа, мөлдір тіндердің қабынуы. Ол көзге бактериялар немесе вирустардың түсуінен пайда болады.

Канадалық офтальмология қоғамының журналында жарық көрген зерттеуде ғалымдар 29 жастағы науқастың жағдайы сипатталады. Сырқат наурыз айында көзінің қызаруына байланысты ауруханаға түскен. Дәрігерлер оған конъюнктивит диагнозын қояды, бірақ емдеу шаралары сәтсіз аяқталады. Кейін оның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен.

«Науқаста жөтел немесе дене қызуы болған жоқ, сондықтан коронавирус деп ойламаған едік. Инфекцияның алғашқы белгілері өкпеден емес, көзден де пайда болатынын білмедік», – деді Альберт Карлос университетінің офтальмология кафедрасының доценті.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button