Үндістан Қытай тауарларына бойкот жариялады
НЬЮ-ДЕЛИ. 23 маусым. Үндістанда Қытай тауарларының елге келуіне қарсылық қозғалысы басталып кетті. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.
Делиде саудагерлер Қытаймен шекарада болған қақтығысқа наразылық білдіріп, Қытайдан келген тауарларды өртеген.
Іс-шараны Үндістан саудагерлерінің кәсіпқой бірлестігі ұйымдастырды. Шерушілер биліктен Қытайдан әкелінетін барлық тауарға бойкот жариялап, осы елдің мемлекеттік компанияларымен жасалған келісімшарттарды жоюға шақырды.
«Қытайдың біздің жауынгерлерге қарсы ұйымдастырған жауыздық әрекеті ашу-ызамызды туғызды. Сондықтан бұл елдің тауарларына бойкот жариялауды шештік. Биыл жыл соңына дейін Қытайдан импортталатын тауар көлемін 13,5 миллиард долларға қысқартпақ ниеттеміз», – деді Үндістан саудагерлері бірлестігінің бас хатшысы Правин Ханделвал.