Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Үндістанда ұялы телефонды жұтып қойған әйел қайтыс болды

НЬЮ-ДЕЛИ. 28 қаңтар. Үндістанның Раджахмундри қаласында психикасы бұзылған 35 жастағы әйел қайтыс болды. Бұл туралы The Times of India ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Келіншектің өліміне ұялы телефонды абайсызда жұтып қойғаны себеп болған.

Үндістан тұрғыны Пенумалла Рамия Сути 25 қаңтарда мемлекеттік жалпы ауруханаға түсіп қалады. Туысы әйелдің ұялы телефонын іздеп, таба алмайды. Ол Сутиден телефонының қайда екенін сұрағанда, ол оны абайсызда жұтып қойғанын мойындады.

Дәрігерлер өңештен ұялы телефонды алу операциясын сәтті жасады. Алайда, ағзасына ауыр зақым келгендіктен, науқас одан әрі емделу үшін мамандандырылған медициналық мекемеге жіберілді. Өкінішке қарай, дәрігерлер қанша тырысқандарымен, Сутиді аман алып қалу мүмкін болмады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button