Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Пәкстан бүгін Үндістанға қарсы соғыс операциясын жариялады

ИСЛАМАБАД. 10 мамыр. Пәкстан үкіметі бүгін Үндістанға қарсы әскери операцияның басталғаны жайлы әлем жұртшылығын хабардар етті. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Пәкстан армиясы таңертең Үндістан әуе қарулы күштерінің қоймасы мен базасына ракетадан соққы бергендерін баяндады.

Бұдан алдын, бас штабтың мәліметінше, үнді тарапы Пәкстанның әскери нысандарына шабуыл жасаған.

Пәкстан үкіметі 10 мамыр, сенбі күні таңертең Үндістанға қарсы соғыс операциясының басталғанын мағлұм етті. Ол «Буньян-ум-Марсус» деген атау алды.

Қатардың «Әл-Жазира» (Al-Jazeera) телекомпаниясы Пәкстан әскерилерінің баспасөз парақшасына сілтеме жасай отырып, өзінің сайтында үндінің Джамму және Кашмир штатындағы Удхампур қаласындағы авиабазасына, сондай-ақ Пенджаб штатының Патханкоттегі аэродромына соққы берілгендерін атап өтті. Пәкстан журналистерінің күштік құрылымдардағы мәнбелері сонымен қатар Пенджабтың Беас қаласындағы оқ-дәрі қоймасы да атқыланғанын жеткізді.

Үндінің ANI ақпарат агенттігі өз кезегінде Удхампурда жарылыс орын алғанын видеоролик арқылы таратты. Онда көкке қарай будақтап ұшқан түтін көрініп тұр.

Мұның алдында Пәкстан қарулы күштері Үндістан тарапынан өздерінің авиабазалары атқыланғанын жариялаған еді. Соның бірі – Нур-Хан елдің байтағы Исламабад шаһарына жақын жерге орналасқан.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button