Індет: тәулікте қайтыс болған – 8, сауыққан – 56 адам
АСТАНА. 19 маусым. Кеше түннен бері коронавирус инфекциясынан 8 адам қайтыс болып, 56 адам жазылып шықты. Бұл туралы corononavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Осымен аталмыш індеттен қайтыс болғандар саны – 113-ке жетіп, сауығып кеткендер 10 195 болды.
Тәулікте көз жұмған 8 адамның 4-і – Астана қаласынан, 3-і – Түркістан облысынан, 1-і Шымкент қаласынан болды.
Астана қаласында 1952, 1954, 1958 жылы туған әйел кісілер,1950 жылы туған ер кісі, Түркістан облысында 1950 және 1958 жылы туған әйелдер, 1962 жылғы ер кісі, Шымкент қаласында 1962 жылы туған әйел адам жантәсілім етті.
Өлімнің себебін анықтайтын комиссия олардың коронавирус инфекциясынан жан тапсырғандарын айғақтады.
Осы кезге дейін қайтыс болған 113 адам мына аймақтардан шықты:
Астана қаласы – 29, Алматы қаласы – 17, Павлодар облысы – 13, Шымкент қаласы – 13, Қарағанды облысы – 10, Түркістан облысы – 8, Ақмола облысы – 7, Батыс Қазақстан облысы – 6, Атырау облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Маңғыстау облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1, Ақтөбе облысы – 1.
Тәулікте жазылып шыққан 56 адам аймақтар бойынша былай бөлінеді:
Атырау облысы – 16, Шымкент қаласы – 15, Павлодар облысы – 10, Астана қаласы – 4, Ақтөбе облысы – 3, Түркістан облысы – 3, Шығыс Қазақстан облысы – 2, Маңғыстау облысы – 2, Қостанай облысы – 1.
Жазылып шыққандар 10 195 адам аймақтар бойынша мынадай үлес-салмақ алады:
- Алматы қаласы – 2157
- Астана қаласы – 2114
- Атырау облысы – 1031
- Қарағанды облысы – 770
- Батыс Қазақстан облысы – 694
- Шымкент қаласы – 539
- Қызылорда облысы – 475
- Алматы облысы – 428
- Жамбыл облысы – 349
- Ақтөбе облысы – 301
- Түркістан облысы – 294
- Маңғыстау облысы – 282
- Павлодар облысы – 203
- Қостанай облысы – 188
- Ақмола облысы – 170
- Шығыс Қазақстан облысы – 143
- Солтүстік Қазақстан облысы – 57.