Коронавирус: Тәулікте тағы 428 адам вирус жұқтырды

АСТАНА.20 маусым. Өткен тәулікте Қазақстанда 428 адам коронавирус сырқатына ұшырап, олардың жалпы саны 16 779-ға жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
428! Бұл – қандайда бір рекорд парлас! Әдеттегіше лидерлер көш бастап келеді. Астана қаласы мен Алматы қаласының арасын 100 деген цифр ғана бөліп тұр. Мына қарқынымен елорда енді ары кеткенде екі күнде оңтүстік мегаполиске жетіп алады. Соңғы кездері «қамшы басқан» Түркістан Қызылорданың алдына шығып кетті, Жамбыл облысы Алматы облысынан басып озды. Солтүстік Қазақстан облысы бірінші рет 26 деген жоғары цифрды көрсетті.
Өткен түнде 23:59 сағатта аймақтарда мынадай көрсеткіштер есепке алынды:
Астана қаласы – 79, Қарағанды облысы – 60, Түркістан облысы – 36, Алматы қаласы – 34, Шығыс Қазақстан облысы – 34, Батыс Қазақстан облысы – 26, Солтүстік Қазақстан облысы – 26, Шымкент қаласы – 23, Ақмола облысы – 22, Қостанай облысы – 20, Жамбыл облысы – 19, Павлодар облысы – 12, Алматы облысы – 11, Маңғыстау облысы – 10, Атырау облысы – 7, Қызылорда облысы – 7, Ақтөбе облысы – 2.
Есепті кезеңдегі елдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай:
- Алматы қаласы – 3292
- Астана қаласы – 3192
- Қарағанды облысы – 1778
- Атырау облысы – 1386
- Шымкент қаласы – 1245
- Батыс Қазақстан облысы – 1095
- Ақтөбе облысы – 590
- Жамбыл облысы – 572
- Алматы облысы – 565
- Түркістан облысы – 555
- Қызылорда облысы – 540
- Павлодар облысы – 449
- Маңғыстау облысы – 419
- Шығыс Қазақстан облысы – 367
- Ақмола облысы – 284
- Қостанай облысы – 278
- Солтүстік Қазақстан облысы – 172.






