Трамп ұйғырларды қудалаған Қытайға санкция салды
ВАШИНГТОН. 19 маусым. АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі, 17 маусым күні Қытайдың ұйғырлар құқықтарын бұзуына қатысты заңға қол қойды. Бұл туралы «Настоящее время» хабарлады.
АҚШ-тың шектеу шараларының ауқымына ұйғырларды қудалауға қатысы бар ұйымдар кіретін болады. Қудалауға жауаптылардың барлығының активтері жабылып, өздеріне АҚШ-қа келуге тыйым салынатын болады.
2019 жылы Вашингтон өзі Қытайдың ұйғырларды ұстау мен адам құқықтарын бұзуға қатысы бар деп есептеген 28 ұйымына қарсы санкция енгізген болатын. Сонда бұл шаралар экспорт пен реэкспортты шектеуге, сондай-ақ лицензия беруден бас тартуға қатысты жасалып еді.
Ұйғырлар – Қытайдың батысындағы Шыңжаң провинциясында тұратын халықтың басым бөлігін құрайтын түркі тілді ұлыс. Қазір Қытай оларды қайта тәрбиелеу деп аталатын лагерьлерге қамап, өз діндері мен тілдерінен бас тартуға күшьеп жатыр.