Коронавирус: Қарағанды облысының қарқыны басылмай тұр
АСТАНА. 13 маусым. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 366 оқиғасы тіркеліп, індеттің жалпы саны 14 238-ге толды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Шынында Қарағанды облысының қарқыны ұдайы қатты болып тұр. Ол соңғы күндері 50-ден төмен түсіп көрген жоқ.
Сонымен, өткен түнгі сағат 23:59-да есепке алынған 366 дерек қалалар мен аймақтар бойынша былай бөлінді:
Қарағанды облысы – 77, Алматы қаласы – 46, Шымкент қаласы – 46, Павлодар облысы – 35, Атырау облысы – 32, Астана қаласы – 24, Батыс Қазақстан облысы – 20, Түркістан облысы – 20, Алматы облысы – 10, Ақтөбе облысы – 10, Шығыс Қазақстан облысы – 10, Жамбыл облысы – 9, Солтүстік Қазақстан облысы – 8, Қызылорда облысы – 7, Қостанай облысы – 5, Ақмола облысы – 4, Маңғыстау облысы – 3.
Өткен тәулікте бірде-бір облыс вирус жұқтырудан «аман» кеткен жоқ.
Есепті кезеңдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай:
- Алматы қаласы – 3051
- Астана қаласы – 2644
- Қарағанды облысы – 1419
- Атырау облысы – 1278
- Шымкент қаласы – 1097
- Батыс Қазақстан облысы – 913
- Ақтөбе облысы – 502
- Алматы облысы – 500
- Қызылорда облысы – 491
- Жамбыл облысы – 476
- Түркістан облысы – 440
- Маңғыстау облысы – 371
- Павлодар облысы – 333
- Шығыс Қазақстан облысы – 234
- Қостанай облысы – 215
- Ақмола облысы – 190
- Солтүстік Қазақстан облысы – 84.
Осы кезге дейін 8829 адам жазылып шығып, 70 адам қайтыс болды. Тәулік ішінде Павлодар облысында – 2, Маңғыстау облысында 1 адам көз жұмды.
Аймақтар бойынша індеттен сауығып шыққандардың мәліметі:
- Алматы қаласы – 2031
- Астана қаласы – 1893
- Атырау облысы – 897
- Қарағанды облысы – 630
- Батыс Қазақстан облысы – 507
- Шымкент қаласы – 466
- Қызылорда облысы – 374
- Алматы облысы – 328
- Жамбыл облысы – 299
- Түркістан облысы – 274
- Ақтөбе облысы – 252
- Маңғыстау облысы – 217
- Павлодар облысы – 183
- Қостанай облысы – 175
- Ақмола облысы – 152
- Шығыс Қазақстан облысы – 103
- Солтүстік Қазақстан облысы – 48.
Аймақтар бойынша қайтыс болғандар мәліметі:
Астана қаласы – 14, Алматы қаласы – 10, Шымкент қаласы – 10, Павлодар облысы – 10, Қарағанды облысы – 7, Ақмола облысы – 4, Атырау облысы – 3, Түркістан облысы – 3, Батыс Қазақстан облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Маңғыстау облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.