Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
Актер Ефремов өзі үшін «бәрі біткенін» мәлімдеді
МӘСКЕУ. 13 маусым. Актер Михаил Ефремов өзі үшін енді «бәрі біткенін» айтты. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Актер YouTube желісіндегі «Гражданин поэт» арнасында жариялаған үндеуінде білдірді.
«Бұл – кино емес, лентаны артына қарай айналдыра алмайсың. Бұл – бітті деген сөз. Енді ешқандайда Ефремов жоқ. Мен жұрттың бәрін ұятқа қалдырдым. Кешіріңіздер, мархабат», – деді ол.
Ефремов 8 маусым күні мас күйінде Мәскеудің орталығында авария жасады. Ол рулінде отырған жолсыз жердің жорғасы көшенің қарсы бетіне шығып кетіп, бетпе-бет келе жатқан фургонға соқты. Оның жүргізушісі Сергей Захаров көп қан кетіп қалуы салдарынан ауруханада көз жұмды.
Ефремовтің өзі болса, оншалықты зардап шеккен жоқ. Ол үйқамаққа жіберілді.