Қазақстанда коронавирустың пәрмені әлі қатты жүріп тұр
АСТАНА. 11 маусым. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 239 оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 13 558-ге барды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Қазақстанда әлі коронавирустың пәрмені қатты жүріп тұр. Күн сайынғы көрсеткіш соңғы күндері 165-245 шамасынан көрініп жүр.
Қарағанды қарқынынан қайтар емес. Астана да үдетіп тұр. Шымкенттің де беті қатты. Осы қатардан Алматы да шеттей қоймады. Қызылорда қайта «күшейіп» келеді. Ал Шығыс Қазақстан Қостанайдың да алдына түсті.
Сонымен, өткен түнгі сағат 23:59-да есепке алынған 239 дерек қалалар мен аймақтар бойынша былай бөлінді:
Қарағанды облысы – 52, Шымкент қаласы – 30, Астана қаласы – 27, Алматы қаласы – 18, Ақтөбе облысы – 17, Батыс Қазақстан облысы – 15, Қызылорда облысы – 14, Маңғыстау облысы – 14, Алматы облысы – 13, Шығыс Қазақстан облысы – 11, Павлодар облысы – 10, Атырау облысы – 5, Жамбыл облысы – 5, Түркістан облысы – 5, Ақмола облысы – 2, Қостанай облысы – 1.
Өткен тәулікте тек Солтүстік Қазақстан облысында вирус жұқтыру оқиғасы болған жоқ.
Есепті кезеңдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай:
- Алматы қаласы – 2957
- Астана қаласы – 2570
- Қарағанды облысы – 1290
- Атырау облысы – 1232
- Шымкент қаласы – 1022
- Батыс Қазақстан облысы – 878
- Қызылорда облысы – 484
- Алматы облысы – 470
- Жамбыл облысы – 462
- Ақтөбе облысы – 444
- Түркістан облысы – 416
- Маңғыстау облысы – 357
- Павлодар облысы – 296
- Шығыс Қазақстан облысы – 215
- Қостанай облысы – 209
- Ақмола облысы – 184
- Солтүстік Қазақстан облысы – 72.
Осы кезге дейін 8345 адам жазылып, 67 адам опат болды. Тәулікте 6 адам көз жұмды. Олардың 4-і – Астана қаласында, қалған екеуі Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелген.
Аймақтар бойынша індеттен сауығып шыққандардың мәліметі:
- Алматы қаласы – 1976
- Астана қаласы – 1770
- Атырау облысы – 876
- Қарағанды облысы – 590
- Батыс Қазақстан облысы – 475
- Шымкент қаласы – 448
- Қызылорда облысы – 309
- Алматы облысы – 309
- Жамбыл облысы – 278
- Түркістан облысы – 267
- Ақтөбе облысы – 250
- Маңғыстау облысы – 197
- Павлодар облысы – 181
- Ақмола облысы – 144
- Қостанай облысы – 143
- Шығыс Қазақстан облысы – 84
- Солтүстік Қазақстан облысы – 48.
Аймақтар бойынша қайтыс болғандар мәліметі:
Астана қаласы – 14, Алматы қаласы – 10, Шымкент қаласы – 10, Павлодар облысы – 8, Қарағанды облысы – 7, Ақмола облысы – 4, Атырау облысы – 3, Түркістан облысы – 3, Батыс Қазақстан облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.