АймақЖаңалықтар жаңғырығы
Қызылорда облыстық қаржы басқармасына басшы тағайындалды
ҚЫЗЫОРДА. 11 маусым. Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Шаврова Елена Николаевна Қызылорда облысының қаржы басқармасының бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Елена Шаврова 1971 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Қызылорда облыстық қаржы басқармасының экономисі болып бастаған. 1994-2013 жылдары қаржы басқармасының жетекші экономисі, бас экономисі, сектор меңгерушісі, бөлім бастығының орынбасары, бөлім басшысы жауапты қызметтерін атқарған.
2013 жылдан осы кезге дейін аталған басқарма басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.