Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Қазақстан құрамасының экс-капитаны АҚШ-та мэр болды

АСТАНА. 10 маусым. Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының және «Барыс» командасының бұрынғы капитаны Брэндон Боченски Американың Гранд-Форкс қаласының мэрі болып сайланды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Гранд-Форкс – Солтүстік Дакота штатындағы тұрғындарының саны жағынан үшінші қала. Онда 50 мыңнан астам адам тұрады.

«Бес ай бойы жұмысыңа жүз пайыз барыңды салған кезде, әрине, оның нәтижесі үшін толғанасың. Мен енді өмірімдегі бұл өзгеріске дайынмен деп ойлаймын. Біз үшін ең бастысы, бәрін жақсарған үстіне жақсарта беруіміз керек», – деді Боченски.

Ол сайлауда 49,62 пайыз дауыс жинады. Оның негізгі қарсыласы 31,81 пайызбен шектелді.

Боченски Гранд-Форкске 2019 жылы өзінің хоккейшілік мансабын аяқтағаннан кейін көшіп келді. Ол АҚШ-қа оралғасын «Berkshire Hathaway Homeservices Inc» компаниясында жұмыс істей бастады.

Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны 2001-2004 жылдары жергілікті университетте «қаржы менеджменті» мамандығы бойынша оқып жүріп, оның командасында ойнаған кезінде Град-Форкс қаласын қатты ұнатып қалғанын айтты.

Брэндон Боченски – АҚШ-тың тумасы. Ол бір жылдары ҚХЛ-дың «Оттава», «Чикаго», «Бостон», «Анахайм», «Нэшвилл» және «Тампа Бэй» командалары сапында өнер көрсетті. Ал ойыншылық мансабының 2010 жылдан 2017 жылға дейін созылатын көп уақытын «Барыс» сапында өткізді. Осы жеті маусымдағы 399 матчта өз есебіне 397 ұпай (160+237) жазды. Қазақстан құрамасымен бірге әлемнің үш чемпионатына капитан ретінде қатысты. Ұлттық құрама сапында 15 кездесу өткізіп, 12 (5+7) балл жинады.

Боченски 2018 жылдың шілдесінде бір жылдық үзілістен соң  хоккейге қайта оралғанын жариялады. Бірақ бір жылдан кейін оны біржола қойды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button