ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанда індетке іліккендер саны 13 319 адам болды

АСТАНА. 10 маусым. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 245 оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 13 319-ға барды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Сонымен, өткен түнгі сағат 23:59-да есепке алынған 245 дерек қалалар мен аймақтар бойынша былай бөлінді:

Қарағанды облысы – 50, Алматы қаласы – 35, Ақтөбе облысы – 26, Астана қаласы – 23, Батыс Қазақстан облысы – 18, Жамбыл облысы – 16, Шымкент қаласы – 14, Маңғыстау облысы – 12, Алматы облысы – 11, Түркістан облысы – 8, Солтүстік Қазақстан облысы – 7, Атырау облысы – 5, Қызылорда облысы – 5, Шығыс Қазақстан облысы – 5, Ақмола облысы – 5, Қостанай облысы – 3, Павлодар облысы – 2.

Өткен тәулікте бірде-бір облыс вирус жұқтырудан «аман» кеткен жоқ.

Көш басында командалар алмасты, бір тәулікте 50 оқиға шығарған Қарағанды облысы Атырау облысын үшінші орыннан ығыстырып жіберді.

Есепті кезеңдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай:

  1. Алматы қаласы – 2939
  2. Астана қаласы – 2543
  3. Қарағанды облысы – 1238
  4. Атырау облысы – 1227
  5. Шымкент қаласы – 992
  6. Батыс Қазақстан облысы – 863
  7. Қызылорда облысы – 470
  8. Алматы облысы – 457
  9. Жамбыл облысы – 457
  10. Ақтөбе облысы – 427
  11. Түркістан облысы – 411
  12. Маңғыстау облысы – 343
  13. Павлодар облысы – 286
  14. Қостанай облысы – 208
  15. Шығыс Қазақстан облысы – 204
  16. Ақмола облысы – 182
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 72.

Осы кезге дейін 8015 адам жазылып, 61 адам опат болды. Тәулікте Түркістан облысында – 2, Павлодар облысында 1 адам бақиға аттанды.

Аймақтар бойынша індеттен сауығып шыққандардың мәліметі:  

  1. Алматы қаласы – 1929
  2. Астана қаласы – 1679
  3. Атырау облысы – 834
  4. Қарағанды облысы – 530
  5. Батыс Қазақстан облысы – 451
  6. Шымкент қаласы – 443
  7. Қызылорда облысы – 304
  8. Алматы облысы – 287
  9. Жамбыл облысы – 271
  10. Түркістан облысы – 265
  11. Ақтөбе облысы – 244
  12. Маңғыстау облысы – 193
  13. Павлодар облысы – 172
  14. Ақмола облысы – 141
  15. Қостанай облысы – 141
  16. Шығыс Қазақстан облысы – 83
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 48.

Аймақтар бойынша қайтыс болғандар мәліметі:

Алматы қаласы – 10, Шымкент қаласы – 10, Астана қаласы – 10, Павлодар облысы – 8, Қарағанды облысы – 6, Ақмола облысы – 4, Атырау облысы – 3, Түркістан облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Батыс Қазақстан облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button