Коронавирус: Еліміздегі ендігі көрсеткіш – 13 074 оқиға
АСТАНА. 9 маусым. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 215 оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 13 074-ке барды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Сонымен, өткен түнгі сағат 23:59-да есепке алынған 215 дерек қалалар мен аймақтар арасында былайша бөлініске түсті:
Астана қаласы – 42, Қарағанды облысы – 41, Батыс Қазақстан облысы – 27, Алматы қаласы – 22, Шымкент қаласы – 22, Павлодар облысы – 16, Жамбыл облысы – 11, Атырау облысы – 9, Шығыс Қазақстан облысы – 9, Алматы облысы – 5, Түркістан облысы – 3, Маңғыстау облысы – 3, Қостанай облысы – 3, Ақмола облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 1.
Өткен тәулікте Ақтөбе және Қызылорда облыстарында вирус жұқтыру оқиғасы болған жоқ.
Есепті кезеңдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай:
- Алматы қаласы – 2904
- Астана қаласы – 2520
- Атырау облысы – 1222
- Қарағанды облысы – 1188
- Шымкент қаласы – 978
- Батыс Қазақстан облысы – 845
- Қызылорда облысы – 465
- Алматы облысы – 446
- Жамбыл облысы – 441
- Түркістан облысы – 403
- Ақтөбе облысы – 401
- Маңғыстау облысы – 331
- Павлодар облысы – 284
- Қостанай облысы – 205
- Шығыс Қазақстан облысы – 199
- Ақмола облысы – 177
- Солтүстік Қазақстан облысы – 65.
Осы кезге дейін 7737 адам жазылып, 58 адам опат болды. Тәулікте Астана қаласында, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында бір-бір адамнан көз жұмды. Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан облысындағы 2 адамның бірі коронавирустан жантәсілім етпеген болып шығып, бір санға кеміді.
Аймақтар бойынша індеттен сауығып шыққандардың мәліметі:
- Алматы қаласы – 1906
- Астана қаласы – 1621
- Атырау облысы – 820
- Қарағанды облысы – 477
- Шымкент қаласы – 432
- Батыс Қазақстан облысы – 423
- Қызылорда облысы – 298
- Алматы облысы – 287
- Түркістан облысы – 257
- Ақтөбе облысы – 234
- Жамбыл облысы – 234
- Маңғыстау облысы – 182
- Павлодар облысы – 170
- Ақмола облысы – 141
- Қостанай облысы – 136
- Шығыс Қазақстан облысы – 71
- Солтүстік Қазақстан облысы – 48.
Аймақтар бойынша қайтыс болғандардың мәліметі:
Алматы қаласы – 10, Шымкент қаласы – 10, Астана қаласы – 10, Павлодар облысы – 7, Қарағанды облысы – 6, Ақмола облысы – 4, Атырау облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Батыс Қазақстан облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.