Ресейдің Прибалтиканы неше күнде басып алатыны айтылды
МӘСКЕУ. 8 маусым. Ресейдің соғыс бола қалған жағдайда Балтық жағалауы елдерін қанша уақытта басып ала алатыны атап көрсетілді. Бұл туралы «Московский комсомолец» хабарлады.
Forbes басылымы хабарлағандай, АҚШ-тың Германиядағы өз контингентін алып кету туралы шешім қабылдауынан кейін НАТО-ның Еуропадағы позициясы әлсірейді. Бұдан бұрын неміс бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ президенті Дональд Трамптың ГФР-ден ондаған мың америкалық әскерилерді алып кететіні жөніндегі шешімінің күтпеген нәрсе болғанын жазған еді.
Жарияланым авторы Америка әскерлері шығарылғаннан кейін НАТО-ның шығыстағы шекара шебінің қорғаусыз қалатынын атап өтті. Осыған байланысты Эстония, Латвия және Литва қиын жағдайда қалады. Егер бұрын ресейлік әскерилердің Таллин мен Риганың қала маңындағы жерлеріне дейін жетулері үшін 60 сағат уақыт қажет болатыны айтылып келсе, енді бұл мақсат бұдан да аз уақытта жүзеге асатын көрінеді.
Forbes атап өткендей, Ресейдің Балтық жағалауы елдері бағытына қарай жібере алатын 760 танкісі бар. Ал НАТО елдеріндегі танкі саны – небәрі 130. Бұл жағдайда НАТО әуеден көмек алған күннің өзінде де Ресейдің әскери қуатына төтеп бере алмайды.
Прибалтика тарапында Ресейге төтеп бере алу үшін НАТО-ға қазіргідей 15 емес, 30 батальон керек. Және орыс қаруына қарсы тұра алу үшін бұларды ауыр бронотехникамен қамтамасыз ету қажет, деп атап көрсететеді басылым сарапшысы.
Бұдан бұрын президент Дональд Трамп Германия мен Шығыс Еуропадағы 9,5 мың америкалық әскерилердің жақын арада қайтарылатынын мәлімдеген болатын.