Вирус: Тәулікте сәл төмен түстік, бірақ екпін әлі қатты
АСТАНА. 2 маусым. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 263 адамға артып, оның жалпы саны 11 571-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Сонымен, өткен түнгі сағат 23:59-да тіркелген 263 оқиғаның аймақтар арасында бөлінісі мынадай:
Астана қаласы – 59, Алматы қаласы – 29, Батыс Қазақстан облысы – 27, Қарағанды облысы – 24, Маңғыстау облысы – 19, Шымкент қаласы – 18, Қызылорда облысы – 16, Алматы облысы – 15, Атырау облысы – 14, Жамбыл облысы – 13, Павлодар облысы – 11, Шығыс Қазақстан облысы – 7, Ақтөбе облысы – 6, Түркістан облысы – 5.
Өткен тәулікте Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында вирус жұқтыру оқиғасы тіркелген жоқ.
Сонымен, есепті кезеңдегі елдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай:
- Алматы қаласы – 2676
- Астана қаласы – 2266
- Атырау облысы – 1119
- Қарағанды облысы – 956
- Шымкент қаласы – 885
- Батыс Қазақстан облысы – 692
- Қызылорда облысы – 418
- Жамбыл облысы – 393
- Түркістан облысы – 384
- Алматы облысы – 376
- Ақтөбе облысы – 349
- Маңғыстау облысы – 291
- Павлодар облысы – 217
- Қостанай облысы – 182
- Ақмола облысы – 166
- Шығыс Қазақстан облысы – 142
- Солтүстік Қазақстан облысы – 59.
Осы кезге дейін 5587 адам жазылып, 41 адам қайтыс болды.
Аймақтар бойынша індеттен сауығып шыққандардың мәліметі:
- Алматы қаласы – 1598
- Астана қаласы – 1143
- Атырау облысы – 333
- Батыс Қазақстан облысы – 316
- Шымкент қаласы – 315
- Қарағанды облысы – 255
- Қызылорда облысы – 247
- Түркістан облысы – 225
- Жамбыл облысы – 196
- Алматы облысы – 191
- Ақтөбе облысы – 189
- Павлодар облысы – 153
- Маңғыстау облысы – 141
- Ақмола облысы – 107
- Қостанай облысы – 87
- Шығыс Қазақстан облысы – 54
- Солтүстік Қазақстан облысы – 37.
Аймақтар бойынша қайтыс болғандардың мәліметі:
Алматы қаласы – 10, Шымкент қаласы – 8, Астана қаласы – 6, Ақмола облысы – 4, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Батыс Қазақстан облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.