ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Өткен тәулікте де рекорд жасалды. Көрсеткіш – 476!

АСТАНА. 31 мамыр. Өткен тәулікте елімізде кезекті рекордтық көрсеткіш – 476 оқиға тіркеліп, оның жалпы саны 10 858-ге барды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Бұған дейін республика бойынша 21 сәуірде – 214 оқиға (рекорд), 7 мамырда – 225 оқиға (рекорд), 17 мамырда – 307 (рекорд), 19 мамырда – 311 оқиға (рекорд), 20 мамырда – 218 оқиға, 21 мамырда – 268 оқиға, 22 мамырда 363 оқиға (рекорд), 23 мамырда – 322 оқиға, 24 мамырда 403 оқиға (рекорд), 25 мамырда – 209 оқиға, 26 мамырда – 438 оқиға (рекорд), ал 27 мамырда – 335 оқиға, 28 мамырда – 272 оқиға, 29 мамырда – 356 оқиға, ал 30 мамырда 450 оқиға (рекорд) есепке алынды. Бүгін кезекті антирекорд (476) өмірге келді.

Соның ішінде Астана мен Алматының 100-ден асып түскен рекордтары жан шошытады. Біраздан бері Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы «ат үстінда атой салып» тұр. Қызылорда облысы өткен тәулікте қайта «өрледі».

Сонымен, өткен түнгі сағат 23:59-да тіркелген 476 оқиғаның аймақтар арасында бөлінісі мынадай:

Астана қаласы – 149, Алматы қаласы – 117, Қарағанды облысы – 44, Батыс Қазақстан облысы – 41, Маңғыстау облысы – 31, Қызылорда облысы – 25, Шымкент қаласы – 22, Атырау облысы – 12, Қостанай облысы – 12, Жамбыл облысы – 7, Түркістан облысы – 6, Шығыс Қазақстан облысы – 5, Алматы облысы – 4, Ақмола облысы – 1.

Өткен тәулікте Ақтөбе, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында вирус жұқтыру оқиғасы болған жоқ.

Сонымен, есепті кезеңдегі елдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай:

  1. Алматы қаласы – 2616
  2. Астана қаласы – 2106
  3. Атырау облысы – 1036
  4. Қарағанды облысы – 873
  5. Шымкент қаласы – 835
  6. Батыс Қазақстан облысы – 621
  7. Жамбыл облысы – 377
  8. Қызылорда облысы – 371
  9. Түркістан облысы – 370
  10. Алматы облысы – 353
  11. Ақтөбе облысы – 338
  12. Маңғыстау облысы – 255
  13. Павлодар облысы – 205
  14. Қостанай облысы – 177
  15. Ақмола облысы – 152
  16. Шығыс Қазақстан облысы – 119
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 54.

Осы кезге дейін 5220 адам жазылып, 38 адам қайтыс болды. Өткен тәулікте Шымкентте тағы бір адам індеттен опат болды.

Аймақтар бойынша індеттен сауығып шыққандардың мәліметі:  

  1. Алматы қаласы – 1511
  2. Астана қаласы – 1098
  3. Атырау облысы – 302
  4. Батыс Қазақстан облысы – 285
  5. Шымкент қаласы – 263
  6. Қызылорда облысы – 233
  7. Қарағанды облысы – 229
  8. Түркістан облысы – 199
  9. Жамбыл облысы – 190
  10. Алматы облысы – 184
  11. Ақтөбе облысы – 180
  12. Павлодар облысы – 148
  13. Маңғыстау облысы – 135
  14. Ақмола облысы – 106
  15. Қостанай облысы – 68
  16. Шығыс Қазақстан облысы – 54
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 35.

Аймақтар бойынша қайтыс болғандардың мәліметі:

Алматы қаласы – 10, Шымкент қаласы – 7, Астана қаласы – 6, Ақмола облысы – 4, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Қостанай облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.

***

Ертең барлық қалалар мен аймақтарда блок-бекеттер алынып тасталады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button