Полицейлер карантин кезінде ресторанда дүрілдетті
ТҮРКІСТАН. 30 мамыр. Полицейлер карантин кезінде Жетісай қаласындағы ресторандардың бірінде дүрілдеткен оңаша отырыс жасады. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
«Жетісайдағы тойханада карантин кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері дастархан ұйымдастырды. Тойлау сәтінен түсірілген видео WhatsAp арқылы тарады. Кадрда әйелдер мен ер кісілердің аста-төк болып жайылып қойылған дастархан үстінде отырғандары көрінеді. Онда ішіп-жемнен басқа алкогольді ішімдіктер құйылған бөтелкелер де бар. Компания мектеп бітіргендерінің белгілі бір уақытын тойлап отырғанға ұқсайды. Бәлкім, бұл мереке көрінісі чатта қалып қоя салар ма еді, егер мұқият қараған біреулер одан құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, соның ішінде Шымкент полиция департаментінің қызметкерін байқап қалмаған болса. Олар қосылып ән салады, сосын тойхана холлында тұрып ұзақ естелік үшін суретке түседі», – делінген хабарламада.
Түркістан облыстық полиция департаментіндегілер карантин тәртібін бұзушыларды тауып, олардың 24 мамыр күні «Жетіген» тойханасына жиналғандарын анықтады.
«Жетісай ауданы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Әкімшілік кодексінің 425-бабы бойынша материалдар жинап, тиісті шешім қабылдап, жауапкершілікке тарту үшін ауданның санитарлық дәрігеріне тапсырды», – деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Шымкент полицейлері өз әріптестерінің кім екенін анықтады.
«Дастархан басындағы тойға қатысушылардың бірі қаланың аудандық басқармасында жастары кәмелетке толмағандар инспекциясы бөлімін басқаратыны белгілі. Рас, қызметкер үшін әзірге жаза қолдану туралы сөз болып жатқан жоқ», – делінген хабарламада.
Айтқандай, орыстың ұлы ақыны Александр Пушкиннің «Пир во время чумы» деген шағын трагедиясы бар. Бұл да солай. Жұрттың бәрі коронавируспен алысып, үйқамақта отырған шақта, соларға көрсетілген қыр сияқты қасақана жасалған тойға ұқсап кетіпті.