ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Коронавирус жұқтырғандар саны 9576-ға жетті

АСТАНА. 28 мамыр. Өткен тәулікте елімізде кезекті 272 оқиға тіркеліп, оның жалпы саны 9576-ға барды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Бұған дейін республика бойынша 21 сәуірде – 214 оқиға (рекорд), 7 мамырда – 225 оқиға (рекорд), 17 мамырда – 307 (рекорд), 19 мамырда – 311 оқиға (рекорд), 20 мамырда – 218 оқиға, 21 мамырда – 268 оқиға, 22 мамырда 363 оқиға (рекорд), 23 мамырда – 322 оқиға, 24 мамырда 403 оқиға (рекорд), 25 мамырда – 209 оқиға, 26 мамырда – 438 оқиға (рекорд), ал 27 мамырда 335 оқиға орын алған еді. Бүгін көрсеткішіміз де «осал» емес – 272-ден қайырылып тұрмыз.

Сонымен, өткен түнгі сағат 23:59-ға дейін тіркелген 272 оқиғаның аймақтар арасында бөлінісі мынадай:

Астана қаласы – 56, Қарағанды облысы – 49, Алматы қаласы – 25, Ақтөбе облысы – 22, Батыс Қазақстан облысы – 21, Қызылорда облысы – 20, Шымкент қаласы – 17, Түркістан облысы – 17, Атырау облысы – 15, Алматы облысы – 14, Қостанай облысы – 5, Жамбыл облысы – 4, Ақмола облысы – 2, Солтүстік Қазақстан облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1.

Өткен тәулікте вирустан ешқандлай аймақ аман кеткен жоқ.

Бұл тәулікте Қарағанды облысы – Шымкент қаласымен, Қызылорда облысы Алматы облысымен орын алмастырды.

Сонымен, есепті кезеңдегі елдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай:

  1. Алматы қаласы – 2378
  2. Астана қаласы – 1820
  3. Атырау облысы – 959
  4. Қарағанды облысы – 754
  5. Шымкент қаласы – 730
  6. Батыс Қазақстан облысы – 493
  7. Жамбыл облысы – 362
  8. Түркістан облысы – 354
  9. Қызылорда облысы – 324
  10. Алматы облысы – 319
  11. Ақтөбе облысы – 304
  12. Павлодар облысы – 192
  13. Маңғыстау облысы – 177
  14. Ақмола облысы – 149
  15. Қостанай облысы – 136
  16. Шығыс Қазақстан облысы – 74
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 51.

Осы кезге дейін 4768 адам жазылып, 37 адам қайтыс болды. Соңғыларының қатарына соңғы тәулікте Астана қаласы мен Қостанай облысынан бір-бір құрбандықтан қосылды.

Аймақтар бойынша індеттен сауығып шыққандардың мәліметі:  

  1. Алматы қаласы – 1345
  2. Астана қаласы – 1001
  3. Батыс Қазақстан облысы – 264
  4. Атырау облысы – 262
  5. Қызылорда облысы – 232
  6. Шымкент қаласы – 232
  7. Қарағанды облысы – 204
  8. Түркістан облысы – 189
  9. Алматы облысы – 180
  10. Ақтөбе облысы – 175
  11. Жамбыл облысы – 173
  12. Павлодар облысы – 148
  13. Маңғыстау облысы – 114
  14. Ақмола облысы – 106
  15. Қостанай облысы – 60
  16. Шығыс Қазақстан облысы – 50
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 33.

Аймақтар бойынша қайтыс болғандардың мәліметі:

Алматы қаласы – 10, Шымкент қаласы – 6, Астана қаласы – 6, Ақмола облысы – 4, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Қостанай облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button