Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды
ҚЫЗЫЛОРДА. 28 мамыр. Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Бақытжан Омаров облыс әкімінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.
Омаров Бақытжан Бауыржанұлы 1987 жылы туған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Мамандығы – халықаралық қатынастар, журналистика.
Еңбек жолын 2008 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД тілшілер бөлімінің редакторы болып бастаған.
2009-2018 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД аудармашылар бөлімінің редактор-аудармашысы, тілшілер бөлімінің аға тілшісі, «ТРТ» телерадиокорпорациясының Анкара қаласындағы жүргізушісі, Анкара қаласындағы тілшілер қосынының тілшісі болған.
2018 жылдан бастап жаңа тағайындауға дейін «Хабар24» арнасы жаңалықтар бөлімінің бас редакторы қызметін атқарып келді.