Коронавирус: Онмыңдыққа қарай қадам бастық
АСТАНА. 27 мамыр. Өткен тәулікте елімізде кезекті 335 оқиға тіркеліп, оның жалпы саны 9304-ке жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Бұған дейін республика бойынша 21 сәуірде – 214 оқиға (рекорд), 7 мамырда – 225 оқиға (рекорд), 17 мамырда – 307 (рекорд), 19 мамырда – 311 оқиға (рекорд), 20 мамырда – 218 оқиға, 21 мамырда – 268 оқиға, 22 мамырда 363 оқиға (рекорд), 23 мамырда – 322 оқиға, 24 мамырда 403 оқиға (рекорд), 25 мамырда – 209 оқиға, ал 26 мамырда 438 оқиға (рекорд) орын алған еді. Бүгін де «осал» түсіп отырған жоқпыз – 335 дерек онмыңдыққа қарай қадам басуымызға себепкерлік етті.
Сонымен, өткен түнгі сағат 23:59-ға дейін тіркелген 335 оқиғаның аймақтар арасында бөлінісі мынадай:
Астана қаласы – 78, Алматы қаласы – 77, Қарағанды облысы – 43, Шымкент қаласы – 38, Атырау облысы – 21, Батыс Қазақстан облысы – 20, Жамбыл облысы – 15, Қызылорда облысы – 7, Шығыс Қазақстан облысы – 7, Түркістан облысы – 5, Алматы облысы – 5, Ақтөбе облысы – 4, Павлодар облысы – 4, Маңғыстау облысы – 4, Қостанай облысы – 4, Солтүстік Қазақстан облысы – 3.
Өткен тәулікте вирустан «аман» кеткен жалғыз Ақмола облысы болды.
Сонымен, есепті кезеңдегі елдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай:
- Алматы қаласы – 2353
- Астана қаласы – 1764
- Атырау облысы – 944
- Шымкент қаласы – 713
- Қарағанды облысы – 705
- Батыс Қазақстан облысы – 472
- Жамбыл облысы – 358
- Түркістан облысы – 335
- Алматы облысы – 305
- Қызылорда облысы – 304
- Ақтөбе облысы – 282
- Павлодар облысы – 191
- Маңғыстау облысы – 176
- Ақмола облысы – 147
- Қостанай облысы – 131
- Шығыс Қазақстан облысы – 73
- Солтүстік Қазақстан облысы – 49.
Осы кезге дейін 4613 адам жазылып, 37 адам қайтыс болды. Соңғыларының қатарына соңғы тәулікте Астана қаласы мен Қостанай облысынан бір-бір құрбандықтан қосылды.
Аймақтар бойынша індеттен сауығып шыққандардың мәліметі:
- Алматы қаласы – 1330
- Астана қаласы – 974
- Батыс Қазақстан облысы – 252
- Атырау облысы – 236
- Қызылорда облысы – 231
- Шымкент қаласы – 230
- Қарағанды облысы – 193
- Түркістан облысы – 187
- Алматы облысы – 180
- Ақтөбе облысы – 175
- Жамбыл облысы – 173
- Павлодар облысы – 148
- Маңғыстау облысы – 111
- Ақмола облысы – 106
- Қостанай облысы – 60
- Шығыс Қазақстан облысы – 50
- Солтүстік Қазақстан облысы – 33.
Аймақтар бойынша қайтыс болғандардың мәліметі:
Алматы қаласы – 10, Шымкент қаласы – 6, Астана қаласы – 6, Ақмола облысы – 4, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Қостанай облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.