Израильде Нетаньяху сотталатын болып жатыр
ТЕЛЬ-АВИВ. 26 мамыр. Израильде Биньямин Нетаньяхудың үстінен сот процесі басталып кетті. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Израиль елінің тарихында бірінші рет басты айыпталушы премьер-министр болатын сот процесі жүріп жатыр. Ол жексенбі күні Иерусалимде басталды. Үш адамнан тұратын сот алқасы премьер-министрдің жемқорлық ісі мен алдаушылыққа қатыстылығын жан-жақты тексеретін болады.
Процесс барысында 300-ге жуық куә шақырылып, тыңдалады деп есептеліп отыр.
Заңгерлердің болжамынша, Нетаньяхудың ісі кемінде бір ай қаралады, одан созылып кетуі де мүмкін. Соттағы әрбір кезең бойынша тараптар Жоғары сотқа аппеляция беріп тұра алады.
Тергеу Нетаньяхудың ісі бойынша тергеуді үш жылға жуық уақыт жүргізді. Прокуратура премьер-министрге қарсы істің айыптауын бір жылдан астам уақыт дайындады, сосын 2019 жылдың күзінде сотқа дейінгі тыңдау болып өтті. Осының қорытындысымен Израильдің бас прокуроры Авихай Мандельблит премьерге қарсы айыптаулар ұсынды. 2020 жылдың қаңтарында премьер өзіне сот иммнунитетін беру жөнінде парламентке – кнессетке жазған өтінішін қайтып алды.
Нетаньяхуға тағылған айыптардың ішіндегі салмақтылары арасында оның пара алу дерегі де бар.