ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Індет: Вирус жұқтырудың екпіні әлі де қатты

АСТАНА. 25 мамыр. Өткен тәулікте елімізде 209 індет жұқтыру оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 8531-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Елімізде коронавирус пандемиясы әлі «еліріп» тұр. Мұны бүгінгі көрсеткіш те толық айғақтайды.

Бұған дейін республика бойынша 21 сәуірде – 214 оқиға (рекорд), 7 мамырда – 225 оқиға (рекорд), 17 мамырда – 307 (рекорд), 19 мамырда – 311 оқиға (рекорд), 20 мамырда – 218 оқиға, 21 мамырда – 268 оқиға, 22 мамырда 363 оқиға (рекорд), 23 мамырда – 322 оқиға, ал 24 мамырда 403 оқиға (соңғы рекорд) орын алып, жоғары көрсеткіштер белгіленген болатын.

Сонымен, өткен түнгі сағат 23:59-ға дейін тіркелген 209 оқиғаның аймақтар арасында бөлінісі мынадай:

Алматы қаласы – 37, Қарағанды облысы – 33, Жамбыл облысы – 33, Астана қаласы – 32, Батыс Қазақстан облысы – 28, Атырау облысы – 12, Павлодар облысы – 10, Қызылорда облысы – 6, Ақтөбе облысы – 6, Алматы облысы – 4, Шығыс Қазақстан облысы – 4, Қостанай облысы – 2, Маңғыстау облысы – 1, Ақмола облысы – 1.

Осыдан кейін «антижарыстың» дәстүрлі «турнир кестесіне» өзгерістер енгізілді: Жамбыл облысы Қызылорда және Алматы облыстарын ығыстырып, 8-орынға шықты, ал Қызылорда қайтадан Алматы облысының алдына түсті.

Өткен тәулікте вирустан «аман» кеткен Шымкент қаласы, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары болды.

Сонымен, есепті кезеңдегі елдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 2201, Астана қаласы – 1630, Атырау облысы – 891, Шымкент қаласы – 606, Қарағанды облысы – 595, Батыс Қазақстан облысы – 414, Түркістан облысы – 315, Жамбыл облысы – 292, Қызылорда облысы – 289, Алматы облысы – 288, Ақтөбе облысы – 276, Павлодар облысы – 187, Маңғыстау облысы – 167, Ақмола облысы – 146, Қостанай облысы – 122, Шығыс Қазақстан облысы – 66, Солтүстік Қазақстан облысы – 46.

Осы кезге дейін 4352 адам жазылып, 35 адам қайтыс болды.

Көз жұмғандар мына аймақтарда тіркелді: Алматы қаласы – 10, Шымкент қаласы – 6, Астана қаласы – 5, Ақмола облысы – 4, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button