Ким Чен Ын үш аптадан соң көпшілікке көрінді
ПХЕНЬЯН. 24 мамыр. КХДР лидері Ким Чен Ын Корея Еңбек Партиясы орталық әскери комитетінің кеңейтілген отырысын өткізді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Корея орталық телеграф агенттігі жексенбі күні осы отырыс туралы материал жариялады. Бірақ шараның өткен уақыты атап көрсетілмеген. Дегенмен, КХДР лидері қол қойған бұйрықтардың мерзімі «23 мамыр» деп белгіленіпті.
Агенттік лидердің отырыста отырғанын көрсететін бірнеше фото жариялапты. Онда Ким Чен президиумда партия туы фонында отыр.
Ел басшысының тыңайтқыш зауытының ашылуына қатысқанын көрсететін хабардан кейін ол тағы 20 күн жоқ болып кетті. Осы екі аралықта Батыстың, Оңтүстік Кореяның және Жапонияның Ким Чен Ынның денсаулық жағдайы нашар екені туралы бірнеше хабар жариялап үлгерді.
Кейінірек Оңтүстік Корея мен Жапонияның ақпарат құралдары Кимнің Вонсандағы резиденцияда демалып жатқаны жайында хабарлар таратты.