Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Ким Чен Ын Ресейге Украинамен соғыста толық қолдау көрсетпекші

ПХЕНЬЯН. 13 шілде. КХДР басшысы Ким Чен Ын Ресейге Украинадағы соғыста сөзсіз және толық қолдау көрсетуге уәде берді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

13 шілде, жексенбі күні Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпарат агенттігі KCNA хабарлағандай, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінде Ким Чен Ын өз елі «Украина дағдарысының түпкі себептерін жою үшін Ресей басшылығының барлық әрекеттерін сөзсіз қолдауға және ынталандыруға» дайын екенін айтты.

Лавров бір күн бұрын Солтүстік Кореяның шығыс жағалауындағы Вонсан қаласында КХДР сыртқы істер министрі Чой Сон Хуэймен келіссөз жүргізді. Ол сол жерде Киммен де кездесті. «Украина дағдарысы төңірегіндегі жағдай туралы пікір алмастық. Корейлік достар арнайы әскери операцияның барлық мақсаттарын және Ресей басшылығы мен Ресей армиясының әрекеттерін біржақты қолдайтынын растады», – деді РФ сыртқы істер министрі.

Лавров Корей халық армиясы әскери қызметшілерінің Курск облысындағы шайқастарға қатысқаны үшін алғысын білдірді. Баспасөз мәслихатында Ресей министріне Солтүстік Корея әскерлерін жаңа бағыттар бойынша Ресей-Украина соғысына тарту мүмкін бе деген сұрақ қойылды. Лавров КХДР басшысы Ким Чен Ын Ресейге соғыста қандай түрде көмек көрсету керектігін өзі шешеді деп жауап берді.

Кездесу барысында тараптар 2024 жылы қол қойылған, өзара қорғаныс пактісін қамтитын серіктестік келісімі аясында одан әрі ынтымақтастықты растады.

Оңтүстік Корея мен Украинаның барлау мәліметтері бойынша, Пхеньян Мәскеудің Украинадағы шабуылын қолдау үшін алдағы айларда қосымша 25-30 мың әскер жіберуді жоспарлап отыр екен.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button