Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Қырғыз-тәжік шекарасында шекарашылар атысты

БІШКЕК. 24 мамыр. Бүгін қырғыз-тәжік шекарасында шекарашылар арасында қысқа мерзімдік атыс болды. Бұл туралы «АКИpress» хабарлады.

Оқиға Қырғызстанның Баткен ауданындағы Мойнок деген жерде орын алды. Қырғызстан шекарашылар жасағы өз елдерінің территориясына бағу үшін мал айдап өтпек болған Тәжікстанның «Ворух» анклавы тұрғындары әрекетінің жолын кесті.

Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол кезде тәжік тарапынан белгісіз біреулер қырғыз шекарашыларына қарай оқ ата бастаған. Бұдан әрі, шамамен 11 сағат 10 минутта Қырғызстан және Тәжікстан шекарашылары арасында қысқа мерзімдік атыс болып өткен.

Қырғызстан жағы өздерінен зардап шеккендердің жоқ екенін айтады.

Сағат 12:20-да Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашыларының өкілдері инцидент болған жерге келіп, өзара кездескен.

Қазіргі кезде қырғыз-тәжік шекарасының аталмыш ауданындағы жағдай салыстырмалы түрде тұрақталды. Тараптар инцидент фактісін тексеретін болады.

 

Бұл соңғы айда қырғыз-тәжік шекарасында орын алған екінші осындай оқиға болып отыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button