Тәжік әскерилері бүгін тағы бейбіт айылдарға оқ жаудырды
БІШКЕК. 1 мамыр. Тәжік әскери қызметкерлері қырғыздың Баткен облысындағы «Арка» деген жерде тағы да тұрғын үйлерге қарай оқ атты. Бұл туралы K-News.kg хабарлады.
Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі шекара әскерлері қызметінің көпшілікпен байланыс бөлімі 2021 жылғы 1 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша 12 сағат 45 минутта қырғыз-тәжік шекарасы бойындағы ахуалдың тағы да шиеленісті болып тұрғанын баяндады.
Бұған Қырғызстанның Баткен облысы Ләйлек ауданындағы «Арка» деген жерде тәжік әскери қызметкерлерінің тұрғын үйлерге қарай оқ жаудырғаны себеп болды. Осыған байланысты айылдың бірнеше тұрғыны жарақат алып қалып, басқа жаққа әкетілген.
Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі шекара әскерлері қазір қорғаныс жағдайын ұстанып отыр.
Сонымен бірге, осы тұста Ләйлек ауданында азық-түліктің екі күндік қана қоры қалғаны анықталды. Себебі, ауданға келетін жолдардың бәрін тәжік әскери қызметкерлері жауып тастаған.
Қырғызстан денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев Sputnik порталына берген сұхбатында Ләйлек ауданында 25 мыңнан астам босқын бар екенін айтты. Ал азық-түлік запасы алдағы екі күнге ғана жетеді.
«Ауданда тұратын жас белсенділер азық-түліктің екі күнге ғана жететін жеткізді. Ләйлек Қырғызстанның басқа жерлерінен оқшауланып қалған, себебі, тәжік тарапы жолдардың бәрін жауып тастаған. Аудандағы екі гимназия ғимараттары босқындарға толып отыр. Мен бұл жайында президент Садыр Жапаровқа мәлімдедім», – деді министр.
Қырғызстан президентінің өзі де қазіргі сағаттарда Баткен облысында жүр.
Бұдан алдын Қырғызстан шекара қызметі тәжік тарапының «Торт-Кочо» деген жерде Баткен және Ләйлек аудандарының арасын жалғастырып жатқан жолды толық жауып тастағаны хабарланған еді.
Ләйлек ауданына гуманитарлық көмек жеткізудің мүмкін емес екенін волотерлер де айтып жатыр.