Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Егемендікке үндегені үшін «Башкорт» ұйымы жабылды

ӨФӨ. 24 мамыр. Башқұртстан Жоғарғы соты «Башкорт» қоғамдық ұйымын экстремистік деп тауып, оның әрекетіне тыйым салды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Аталмыш ұйым Башқұртстанды Ресей Федерациясы құрамынан шығуға шақырғаны үшін осындай баға алып отыр. Оның мүшелері республиканың дербес мемлекет болып қайта құрылуын көксеген болып шықты.

«Башкортостан Республикасының Жоғарғы соты 2020 жылғы 22 мамырда прокуратураның «Башкорт» қоғамдық ұйымын экстремистік деп танып, оның іс-әрекетіне тыйым салу жөніндегі әкімшілік талап-арызын қанағаттандырды. Шешім шұғыл орындауға жатады», – делінген хабарламада.

Бұдан бұрын ұйым мүшелері көпшілік шараларын ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Ұйым топтары әлеуметтік желілерге Ресейдің территориялық тұтастығын бұзып, біртұтас ислам мемлекетін құруға шақырған экстремистік ойлар жариялап тұрған.

Соттың мәліметі бойынша, «Башкорт» ұйымы 2014 жылы құрылған. Оның құрамына республиканың қалалары мен аудандарындағы 18 құрылымдық бөлімшелер кірген.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button