ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Коронавирус: Өткен тәуліктің еншісі – 322!

АСТАНА. 23 мамыр. Өткен тәулікте елімізде 322 індет жұқтыру оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 7919-ға жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Коронавирусы қайта қаһарына мінген сияқты. «Қайта» емес, керісінше бұрынғыдан да күшейіп барады. Олай дейтініміз, өткен тәулікте кезекті көрсеткіш жаңартылмағанымен, соңғы антирекордтан басқаларын «ұрып» жығатын цифр тіркелді – 322!

Бұған дейін 21 сәуірде – 214 оқиға (рекорд), 7 мамырда – 225 оқиға (рекорд), 17 мамырда – 307 (рекорд), 19 мамырда – 311 оқиға (рекорд), 20 мамырда – 218 оқиға, 21 мамырда – 268 оқиға, ал 22 мамырда 363 оқиға (рекорд) орын алып, жоғары көрсеткіштер белгіленді.

Бұрынғысынша Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Атырау облыстары «ерлеп» тұр.

Өткен тәулікте 15 оқиға тіркеген Түркістан облысы да Қызылорда облысын 7-орыннан ығыстырып жіберді, ал Алматы облысы бұлардың соңғысымен теңесті.

Өткен түнгі сағат 23:59-ға дейін тіркелген 322 оқиғаның аймақтар арасында бөлінісі мынадай:

Астана қаласы – 83, Алматы қаласы – 66, Қарағанды облысы – 42, Шымкент қаласы – 34, Жамбыл облысы – 20, Атырау облысы – 16, Алматы облысы – 16, Түркістан облысы – 15, Батыс Қазақстан облысы – 10, Ақтөбе облысы – 10, Қызылорда облысы – 3, Ақмола облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Павлодар облысы – 1, Шығыс Қазақстан облысы – 1.

Тәулікте вирустан «аман» кеткен Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары болды.

Сонымен, есепті кезеңдегі елдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 2067, Астана қаласы – 1540, Атырау облысы – 857, Шымкент қаласы – 573, Қарағанды облысы – 472, Батыс Қазақстан облысы – 370, Түркістан облысы – 282, Қызылорда облысы – 278, Алматы облысы – 278, Ақтөбе облысы – 252, Жамбыл облысы – 249, Павлодар облысы – 177, Маңғыстау облысы – 164, Ақмола облысы – 145, Қостанай облысы – 115, Шығыс Қазақстан облысы – 60, Солтүстік Қазақстан облысы – 40.

Осы кезге дейін 4096 адам жазылып, 35 адам қайтыс болды.

Әдеттегідей сауығып шыққандардың облыстар бойынша көрсеткішін ұсынбаймыз.

Ал қаза тапқандар мына аймақтарда тіркелді: Алматы қаласы – 10, Шымкент қаласы – 6, Астана қаласы – 5, Ақмола облысы – 4, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button