Тәулікте 307 оқиға. Нағыз «антирекорд» енді тіркелді!
АСТАНА. 17 мамыр. Өткен тәулікте елімізде 307 індет жұқтыру оқиғасы тіркеліп, коронавирус пандемиясы басталғалы нағыз «антирекорд» жасалды. Ал вирус жұқтырушылардың жалпы саны 6157-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Бұған дейін 21 сәуірде – 214 оқиға, 7 мамырда 225 оқиға орын алып, екі «антирекорд» дүниеге келген еді.
Өткен түнгі сағат 23:59-ға дейін тіркелген 307 оқиға аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Алматы қаласы – 93, Шымкент қаласы – 77, Атырау облысы – 35, Астана қаласы – 32, Батыс Қазақстан облысы – 22, Қарағанды облысы – 13, Ақмола облысы – 9, Түркістан облысы – 6, Маңғыстау облысы – 6, Алматы облысы – 5, Ақтөбе облысы – 4, Жамбыл облысы – 2, Қостанай облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1.
Өткен тәулікте вирустан «аман» кеткендер қатарында Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Сонымен, қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 1802, Астана қаласы – 1231, Атырау облысы – 541, Шымкент қаласы – 334, Батыс Қазақстан облысы – 310, Қызылорда облысы – 245, Қарағанды облысы – 232, Ақтөбе облысы – 228, Алматы облысы – 206, Жамбыл облысы – 203, Түркістан облысы – 203, Павлодар облысы – 162, Маңғыстау облысы – 153, Ақмола облысы – 125, Қостанай облысы – 78, Шығыс Қазақстан облысы – 58, Солтүстік Қазақстан облысы – 36.
Осы кезге дейін 2980 адам жазылып, 34 адам қайтыс болды.
Көз жұмғандар мына аймақтарда тіркелді: Алматы қаласы – 9, Шымкент қаласы – 6, Астана қаласы – 5, Ақмола облысы – 4, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.
Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.