Хакасияда хакас тілін оқытуға мән беріліп жатыр
АБАКАН. 17 мамыр. Ресей Федерациясындағы Хакасия республикасында бастауыш сыныптарға хакас тілінде сабақ беретін мұғалімдер даярлау қолға алынды. Бұл туралы «Хакасия» газеті хабарлады.
Республика астанасы – Абаканның түбіндегі Черногорск механика-технология техникумының студенттері енді «хакас тілінен сабақ беру құқы бар бастауыш сыныптар педагогы» мамандығы бойынша оқитын болады. Ол республика басшысының бастамасымен аймақтық бюджеттен қаржыландырылады.
Техникумның бұл бағыттағы жұмыста тәжірибесі бар – хакас тілінде бастауыш сыныптарда сабақ беретін мұғалімдердің бірінші толқыны биыл оқу орнын бітіріп шығады, жаңа мамандыққа талапкерлер 11-сыныпты тәмамдағандар қатарынан қабылданады.
Оқу орнын бітірген жас кәсіби мамандар Хакасияның жалпы білім беретін және ұлттық мектептері мен гимназияларында сабақ бере алады.
«Технкумда хакас тілінде сабақ бере алуға бейімдеу тұрғысындағы жаңа пәндер енгізіледі. Студенттерге техникалық мамандықтарда хакас тілінде білім алудың жолдары қарастырылады», – дейді техникум директоры Наталья Поликарпова.
* * *
Хакасша-қазақша сөздік
Кізілердеңер (Адамдар туралы)
Кізі – кісі
Кізілер – кісілер
Ир кізі – ер кісі
Ипчі – әйел
Апсах – қарт
Иней – кемпір
Хыс – қыз
Ол – ұл
Саарбах – жасөспірім
Пала – бала
Хызыӌах – кішкентай қыз
Хыс пала – қыз бала
Оолағас – ұл
Ир пала – ер бала
Час пала – жас бала, нәресте
Палалар – балалар
Чахсы кізі – жақсы кісі
Таныс нимес кізілер – таныс емес кісілер
Кӱстіг ир кізі – күшті ер кісі
Абахай ипчі – сұлу әйел
Хыйға апсах – сүйкімді қария
Іӌе – ана
Паба – әке
Ууӌа – әже
Аға – ата
Оолғы – ұл
Парха – немере
Аӌа – аға
Пиӌез– әпке
Туңма – іні, қарындас
Туған-чағыннар – туған-туыстар
Харындас – туысқан, аға
Тайы – нағашы аға
Чеен – жиен