Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Футбол: Бельгия чемпионатты мерзімінен бұрын аяқтады

БРЮССЕЛЬ. 17 мамыр. Бельгия футбол лигасының бас ассамблеясы 2019/20 жылғы ұлттық чемпионатты мерзімінен бұрын аяқтау жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Eurosport хабарлады.

Мұны бас ассамблеяның баспасөз қызметі кеше мәлімдеді.

Осылайша, «Брюгге» клубы өтіп бара жатқан маусымның чемпионы танылды. Ол осымен 16 рет чемпиондық атаққа қол жеткізіп отыр.

Жарысты осы кезге дейін 29 турдың ойындары ойналды. Оның қорытындысында «Брюгге» 70 ұпай жинады. Команданың тетелес бәсекелесі – екінші орындағы «Гентте» 55 ұпай ғана бар.

Бас ассамблея 31 шілдеге дейін спорт жарыстарын өткізуді тоқтатты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Францияда чемпионат мерзімінен бұрын аяқталып, онда жеке-дара топ бастап тұрған «Пари Сен-Жермен» чемпион болып жарияланған болатын.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button