Вирус: 3А-1Б төрттігі көш басын бермей келеді
АСТАНА. 15 мамыр. Өткен тәулікте елімізде 118 вирус жұқтыру оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 5689-ға жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Осы тұста үш А – Алматы, Астана қалалары, Атырау облысы мен бір Б – Батыс Қазақстан облысынан құралған квартет топ басын ешкімге берер емес.
Өткен түнгі сағат 23:59-ға дейін тіркелген 118 оқиға аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Ақтөбе облысы – 29, Астана қаласы – 25, Атырау облысы – 17, Алматы қаласы – 11, Қарағанды облысы – 8, Батыс Қазақстан облысы – 7, Шымкент қаласы – 5, Ақмола облысы – 4, Қостанай облысы – 4, Маңғыстау облысы – 3, Жамбыл облысы – 2, Қызылорда облысы – 1, Алматы облысы – 1, Шығыс Қазақстан облысы – 1.
Өткен тәулікте вирустан «аман» кеткендер қатарында Түркістан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Сонымен, қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 1689, Астана қаласы – 1173, Атырау облысы – 474, Батыс Қазақстан облысы – 279, Шымкент қаласы – 255, Қызылорда облысы – 232, Ақтөбе облысы – 213, Қарағанды облысы – 212, Жамбыл облысы – 201, Түркістан облысы – 196, Алматы облысы – 191, Павлодар облысы – 155, Маңғыстау облысы – 141, Ақмола облысы – 114, Қостанай облысы – 72, Шығыс Қазақстан облысы – 56, Солтүстік Қазақстан облысы – 36.
Осы кезге дейін 2531 адам жазылып, 34 адам қайтыс болды. Соңғы тәулікте елорданың 2 тұрғыны жантәсілім еткені белгілі болды.
Көз жұмғандар мына аймақтарда тіркелді: Алматы қаласы – 9, Шымкент қаласы – 6, Астана қаласы – 5, Ақмола облысы – 4, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.
Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.