Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Шахматшы Дәрмен Сәдуақасов қаржы жанжалына ұрынды

АСТАНА. 15 мамыр. Қазақстандық белгілі шахматшы Дәрмен Сәдуақасов миллиондаған сомаларға мемлекеттік тапсырыстар алғаны үшін әлеумет тарапынан сынға ұшырады. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Агенттік өзінің бұл ақпарын Михаил Козачковтың Telegram каналына сілтеме жасай отырып таратты.

«Шахматта ғана емес, ақша табуға келгенде де басы істейтін жігіт екен. Көлгіновтен 125 миллион, Павлодар әкімдігінен 75 миллион алып апты», – делінген хабарламада.

Енді әңгіменің нақтысы келсек, биылғы 1 мамырда Астана қаласы әкімдігі мен Сәдуақасовтың «Dasco DataCom» компаниясы арасында жасалған екі контракт туралы мақала жарияланды. Әкімдік Сәдуақасовтың компаниясына 125 миллион теңге аударған, ал фирма өз кезегінде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, «позитивті-нейтралды сипаттағы» комментарийлер жазуға міндеттелген. Нақты айтқанда, Facebook, Instagram, Вконтакте және Одноклассники желілерінде айына 1000 коммент пен 1000 пост жариялауға тиісті болыпты.

Әлгі мақаланы оқыған Сәдуақасов өзінің facebook-тегі парақшасында жауап қайтарыпты. Онда гроссмейстер «Біз деген мемлекетке пайдалы жұмыс атқарып жатырмыз, ал мемлекеттің ақшасы біздің негізгі табысымыз емес», деген екен.

Осыдан кейін Дәрменнің тағы бір фирмасы – «Dasco Consulting Group» орындап тастаған тағы екі мемлекеттік тапсырыс табылыпты. Сәдуақасов қаланы дамыту стратегиясын әзірлеп бергені үшін Павлодар әкімдігінен 75 миллион теңге алыпты. Осымен 200 миллион болды деңіз.

Сонымен, журналист енді кез-келген мемлекеттік сатып алу алаңдарын тексергенде, алдымен шахматистің компанияларын іздеп көретін әдет тауыпты.

Бүгін тағы бір келісімшарт табылды. Шахматшының «мемлекеттің ақшасы біздің негізгі табысымыз емес» дегені бекер болған сияқты. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Dasco Consulting Group»-пен 5 миллион теңгеге келісімге отырған. Контракт бір көзден сатып алу әдісімен жасалған.

Бұл енді бес-ақ миллион. Тиын-тебен. Көлгіновтен алған 125 миллион емес, әрине. Ең қызығы, құжатта көрсетілгендей, сол 5 миллионға шахматшы «персоналдың біліктілігін арттыруы» тиіс болған екен.

Дәрмен Сәдуақасов сонда кімге сабақ үйреткен дейсіз бе? Судьяларға! Шахмат судьялары емес, кәдімгі судьяларға. Лоттың атауы төмендегі суретте тұр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button