Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Испания чемпионатты маусымда жалғастырады

МАДРИД. 14 мамыр. Коронавирус пандемиясы салдарынан тоқтап қалған Испанияның футбол чемпионаты 12 маусымда қайта жалғастырылуы мүмкін. Бұл туралы Gazeta.Ru хабарлады.

Мұны Ла лига президенті Хавьер Тебас мәлімдеді. Оның түсіндірмесі AS газетінде жарияланды.

«Мен оның 12 маусымда қалпына келтірілгенін қалар едім, – деді Тебас. – Бірінші және екінші дивизиондар чемпионатты бір мезгілде аяқтайды. Қалған 35 күннің көлемінде күнде бір матч өтіп тұрады».

Мәнбенің хабарлауынша, турнирдің бұдан бір аптаға кешіктірілуі де ықтимал. Бәрі пандемияның сипатына байланысты. Дегенмен, клубтар 12 маусым күні чемпионаттың жалғасып кетуі мүмкін екені туралы ақпарды толық алып болды.

Германияда чемпионат 16 мамырда, Данияда 28 мамырда қайта жалғаса бастайды.

Испания чемпионаты наурыз айында тоқтаған еді. Сол кезге дейін жоспарлы 38 турдың 27-сі ойналып қойған болатын. Турнир кестесінде «Барселона» топ бастап тұрса, «Реал» екінші орында келе жатыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button